«Almaty Invest»
инвестицияларды тарту орталығы

Компания қызметі Алматы қаласында қолайлы инвестициялық климат қалыптастыруға және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Біз инвестициялық жобаларды қолдаймыз, бизнесті іске асырудың барлық кезеңдерінде көмек көрсетеміз және әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге ықпал етеміз.

Миссия:
Алматы қаласында бизнесті дамыту және инвестицияларды тарту үшін инвестициялық жобаларды кешенді қолдау және инвестициялық климатты жақсарту арқылы қолайлы жағдай жасау.

Қайрат Бекенов 
Басқарма төрағасы
“

Құрметті инвесторлар!
Алматыға — Қазақстанның ірі іскерлік, қаржылық және инвестициялық орталығына қызығушылық танытқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
Біз табысты жобалар мықты команда, түсінікті қағидалар және нақты нарықтық сұраныс тоғысқан жерде жүзеге асатынына сенімдіміз.
Сіздерді заманауи инфрақұрылымы дамыған, инвестициялық ахуалы қолайлы әрі экономикасы тұрақты өсіп келе жатқан Алматы қаласының бір бөлшегі болуға шақырамыз.

”

Қайрат Бекенов
Басқарма төрағасы

Алматы сандармен
2,34 трлн тг.
2025 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі
2,54 трлн тг.
2025 жылы өнеркәсіптік өндіріс көлемі
8,89 трлн тг.
2025 жылы тауар айналымы көлемі
2,3 млн адам
Халық саны
Алматы бүгін

Сатып алу қабілеті жоғары динамикалық нарық

Сапалы мамандар қолыңызда

Тиімді көлік және логистика

Дамыған инфрақұрылым

Инвестициялық қолдау мен ынталандыру

Халықаралық интеграция мен экспорт әлеуеті

Дамыған цифрлық-коммуналдық инфрақұрылым

Басым салалар
Жоғары технологиялық және таза өндіріс
Жоғары технологиялық және таза өндіріс
Подробнее
Шығармашылық салалар
Шығармашылық салалар
Подробнее
Туризм
Туризм
Подробнее
Мемлекеттік қолдау тетіктері

НЕГЕ ЛИТВА? Литва — Еуропадағы маңызды технологиялық орталықтардың бірі. Мұнда IT, fintech, киберқауіпсіздік, жасанды интеллект және стартаптар белсенді дамып келеді….

29 қазан 2026

12 қарашада Алматыда KOSME (Korea SMEs and Startups Agency) ұйымдастыратын жетекші кореялық өндірушілердің қатысуымен бизнес-матчинг өтеді. Іс-шара тікелей B2B келіссөздер…

28 қазан 2026

Алматыда Оман – Қазақстан бизнес-форумы өтті. Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары О. Смағұлов және Оман Сұлтанатының Қазақстан Республикасындағы Елшісі қатысты….

27 қазан 2026

Алматы мен Гонконг инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуда 🇰🇿🇭🇰 Мамыр айында Алматы Гонконгта өзінің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырған болатын. Бүгін Гонконг делегациясы Алматыға…

20 қазан 2026

Көптеген елдерде инвесторға қажетті рәсімдерді түсінуге, туындайтын мәселелерді шешуге және қажетті қолдау алуға көмектесетін тетіктер жұмыс істейді. Алматыда бұл міндетті…

16 қазан 2026

Елестетіп көріңіз: Алматыға іскерлік кездесуге келдіңіз, ал бір сағаттан кейін қонақүй терезесінен тауларға қарап отырсыз. Алматының ерекшеліктерінің бірі де —…

14 қазан 2026

Алматы қ., Байзақов к-сі, 303
2 қабат (Инвестициялар үйі)

Құрметті инвесторлар!

Назарларыңызға саламыз, «Almaty Invest» инвестициялар тарту орталығы Алматы қаласында инвестициялар тарту, инвестициялық жобаларды іске асыруға жәрдемдесу және қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру қызметін жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шаралары, мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға қатысу шарттары бойынша консультациялық қызметтер көрсетеді және Алматы қаласының аумағында тіркелген және кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне рұқсат құжаттарын алу бөлігінде сүйемелдеу көрсетеді.

Сақ болыңыздар!

Орталықтың атынан инвестициялар тарту, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және рұқсат құжаттарын алуға жәрдемдесу бойынша ақылы қызметтер көрсету туралы ұсыныстар заңсыз болып табылады. Аталған қызметтер Орталықтың белгіленген функционалы шеңберінде өтеусіз негізде көрсетіледі.