ТАУЛАР КӨРІНІСІНДЕГІ ИНВЕСТИЦИЯЛАР

14 октября 2026
ТАУЛАР КӨРІНІСІНДЕГІ ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Елестетіп көріңіз: Алматыға іскерлік кездесуге келдіңіз, ал бір сағаттан кейін қонақүй терезесінен тауларға қарап отырсыз.
Алматының ерекшеліктерінің бірі де — осы.
Іскерлік мегаполистің қарқынды өмірі табиғатпен және таулармен тоғысатын қала. Бұл заманауи қалалық қонақүйлерден бастап курорттық және SPA-кешендерге дейінгі түрлі қонақүй форматтарын дамытуға мүмкіндік береді.
Дәл осы мүмкіндіктер туралы бүгін Almaty Invest командасы Алматыда қонақүй жобаларын дамытуға қызығушылық танытқан әлеуетті инвесторлармен кездесу барысында талқылады.
Кездесу барысында Алматы нарығына шығу перспективалары, инвестициялау мен нысандарды дамытудың ықтимал форматтары, сондай-ақ қалалық және таулы туристік инфрақұрылымның әлеуеті талқыланды.
Инвесторлар үшін Алматы іскерлік туризм, туристік және сауықтыру демалысы, сондай-ақ тау туризмін үйлестіретін қала ретінде қызықты.
Бір қала — саяхатшы үшін бірнеше мүмкіндік, сәйкесінше инвестор үшін де бірнеше бағыт.
Almaty Invest қаланың экономикасын дамытуға және Алматының халықаралық инвестициялық аренадағы позициясын нығайтуға ықпал ететін инвестициялар мен жаңа жобаларды тарту бойынша жұмысты жалғастырады.

Басқа жаңалықтар

НЕГЕ ЛИТВА? Литва — Еуропадағы маңызды технологиялық орталықтардың бірі. Мұнда IT, fintech, киберқауіпсіздік, жасанды интеллект және стартаптар белсенді дамып келеді….

29 қазан 2026

12 қарашада Алматыда KOSME (Korea SMEs and Startups Agency) ұйымдастыратын жетекші кореялық өндірушілердің қатысуымен бизнес-матчинг өтеді. Іс-шара тікелей B2B келіссөздер…

28 қазан 2026

Алматыда Оман – Қазақстан бизнес-форумы өтті. Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары О. Смағұлов және Оман Сұлтанатының Қазақстан Республикасындағы Елшісі қатысты….

27 қазан 2026