Білім беру орталығы

Алматы — Қазақстанның ғылыми және білім беру хабы.

Қалада республиканың жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарының үштен бірінен астамы шоғырланған. Алматы жоғары білімді тұрғындар саны бойынша да көш бастап, білім мен адами капитал орталығы ретіндегі мәртебесін айқындайды.

2025 жылы Алматы ЖОО-ларында ең сұранысқа ие мамандықтар:
– «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» – 42 696 студент;
– «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» – 9 735;
– «Бизнес, басқару және құқық» – 9 069;
– «Педагогикалық ғылымдар» – 9 071 студент.

Алматыда онлайн-білім беру нарығы белсенді дамуда, әсіресе жоғары және орта білім беру, қосымша курстар мен қосалқы білім беру қызметтері саласында.

2024 жылы Алматыда 11,7 мың оқушы орнына арналған 18 білім беру нысаны салынды. 2025 жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 27,3 мың орынға арналған тағы 15 мектептің құрылысы аяқталды.