• Басты
  • Инвестиция ұсыныстары

Инвестиция ұсыныстары

«Айгүл» виртуалды ассистенті – персоналды оқыту және бағалауға арналған AI және VR-платформа

Көрсеткіштер / Нәтижелер:

  • Инвестиция сомасы: 650 000 АҚШ доллары
  • NPV (жоба бойынша), мың АҚШ долл. –
  • IRR, % –
  • EBITDA бойынша табыстылық, % –
  • Өтелу мерзімі, жыл –
  • Дисконтталған өтелу мерзімі, жыл –

Орналасқан жері:
Қазақстан Республикасы

Жобаның мақсаты:
B2B-сегментте HR, оқыту және клиенттік сервис міндеттеріне бейімделетін, жасанды интеллект пен LVA-аналитикаға негізделген адаптивті цифрлық көмекшілер экожүйесін жедел дамыту және халықаралық нарықтарға шығу.

Жоба сипаттамасы:
«Айгүл» – генеративті ЖИ, виртуалды шынайылық және дауыс талдауы (LVA) технологиялары негізінде әзірленген цифрлық қызметкер. Жоба корпоративтік оқыту, іріктеу және персоналды бағалау міндеттерін шешеді. Өнім ритейл, өнеркәсіп, банк секторы және мемлекеттік құрылымдарда қолданылуда.

«Айгүл» функционалы:

  • VR-симуляциялар арқылы интерактивті оқыту;
  • LVA технологиясы арқылы эмоциялық және когнитивтік талдау;
  • Диалог форматында бейімдеу және онбординг;
  • Стресске төзімділік, тартылу деңгейі және адалдықты бағалау.

Жүзеге асырылған және пилоттық жобалар қатарында ірі банктер, ритейл компаниялары, өндірістік кәсіпорындар, сондай-ақ ҚР ІІМ мен ТЖМ бар.

Инвестициялық көрсеткіштер:

  • Қажетті инвестиция көлемі: 650 000 АҚШ долларынан бастап
  • Инвестордың қатысу формасы: SAFE келісімі / үлестік қатысу / стратегиялық серіктес
  • Жоба кезеңі: масштабтау, жұмыс істеп тұрған өнім бар, пилоттар және LOI келісімдері жасалған
  • Жоспар: ARR – 2 жыл ішінде $10–15 млн (ТМД нарығының 1%-ы)

Артықшылықтары:

  • ЖИ негізіндегі персоналдандырылған оқыту
  • Эмоция мен когнитивтік күйді талдаудың бірегей технологиясы
  • B2B секторынан жоғары қызығушылық (50-ден астам белсенді лид)
  • MOST IT HUB, Industrial AI Accelerator акселераторларынан өткен
  • Astana Hub, ТЖМ және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауы

Нарық және әлеует:
Мақсатты аудитория – HR-процестерді цифрландыруға мүдделі Қазақстан және ТМД ірі компаниялары. Орта Азия және Таяу Шығыс нарықтарына шығу әлеуеті бар.
TAM: $15 млрд – жаһандық цифрлық аватарлар, онлайн-оқыту және HR-Tech нарығы
SAM: $1,2 млрд – ТМД B2B сегменті (VR-оқыту, чат-боттар, AI-ассистенттер)

ТІС ИМПЛАНТТАРЫ МЕН ПРОТЕТИКА ӨНДІРІСІ

Көрсеткіштер:

  • Инвестиция: 2 200 мың АҚШ долл.
  • NPV: 1 400 мың АҚШ долл.
  • IRR: 22,4%
  • Өтелу мерзімі: 5,1 жыл
  • Дисконтталған өтелу мерзімі: 7,6 жыл

Жоба:
Алматы қаласындағы «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА аумағында жылына 120 мың дана өнім өндіретін зауыт салу.

Өнім:
2031 жылы толық қуатқа шыққанда:

  • Импланттар – 30 мың дана
  • Қызыл иек қалыптастырғыш – 21 мың
  • Абатмент – 21 мың
  • Бекіту бұрандасы – 21 мың
  • Трансферлер мен аналогтар – 21 мың

44% – ҚР ішкі нарығына, қалғаны Орталық Азия елдеріне экспортталады.

Артықшылықтары:

  • АЭА режимі және тиімді логистика
  • Импортты алмастыру
  • Жапония (TSUGAMI), Германия (Zapp Precision Metals GmbH), АҚШ (Himed) жабдықтары мен шикізаты

Қажетті қаржыландыру: 2,2 млн АҚШ долл. (70% қарыз, 30% инвестор қатысуы).

HORECA ҮШІН ІРІМШІК ЖӘНЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ҚҰРЫЛЫСЫ

Көрсеткіштер:

  • Инвестиция: 8 630 мың АҚШ долл.
  • NPV: 8 322 мың АҚШ долл.
  • IRR: 21,3%
  • Өтелу мерзімі: 4,45 жыл
  • Дисконтталған өтелу мерзімі: 5,99 жыл

Жоба:
Алматы Индустриялық аймағында ірімшік және азық-түлік өнімдерін өндіретін зауыт салу.

Өнім (2027 ж.):

  • Сары май – 432 т
  • Ірімшік – 648 т
  • Рикотта – 78 т
  • Альбуминді сүзбе – 104 т
  • Жаңғақ қоспасы – 27 мың т
  • Томат тұздығы – 68 т
  • Кептірілген алма, алмұрт – 34 т

80% – ішкі нарық, 20% – экспорт (РФ, Оңтүстік Корея, БАӘ).

Артықшылықтары:

  • Шикізат базасының қолжетімділігі
  • Экологиялық таза өнім
  • Импортты алмастыру

Қажетті инвестиция: 8,63 млн АҚШ долл. (70% қарыз, 30% инвестор).

ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНІМДЕР ӨНДІРІСІ

Көрсеткіштер:

  • Инвестиция: 95 млн АҚШ долл.
  • NPV: 26,5 млн АҚШ долл.
  • IRR: 25,6%
  • EBITDA: 53%
  • Өтелу мерзімі: 7,68 жыл
  • Дисконтталған өтелу мерзімі: 12,96 жыл

Жоба:
Алматы қаласындағы «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА аумағында GMP, GLP, GDP (MHRA стандарты) талаптарына сай толық циклді фармацевтикалық зауыт салу.

Өндіріс:

  • Қатты дәрілік түрлер – 8 199 мың қаптама
  • Сұйық дәрілік түрлер – 2 985 мың қаптама
  • 87 брендтелген генерик (антибиотиктер, кардиопрепараттар, гормоналды, онкологиялық және т.б.)

Артықшылықтары:

  • Мемлекеттік қолдау және кепілді сатып алу
  • АЭА салықтық жеңілдіктері
  • Команданың 10 жылдан астам тәжірибесі

Қажетті қаржыландыру: 95 млн АҚШ долл. (80% қарыз, 20% инвестор қатысуы).