АЛМАТЫ ОҢТҮСТІК КОРЕЯМЕН ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫСТАРЫН НЫҒАЙТУДА

27 августа 2026
АЛМАТЫ ОҢТҮСТІК КОРЕЯМЕН ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫСТАРЫН НЫҒАЙТУДА

Алматы мен Оңтүстік Кореяны не біріктіреді? Бизнесті дамытуға, жаңа технологияларды енгізуге және өсу үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға деген ұмтылыс.
Бүгін Қазақстанға KOIMA импорттаушылар делегациясының сапары аясында Қазақстан-Корея бизнес-форумы және B2B кездесулері өтті. Almaty Invest командасы форумға белсенді қатысып, іскерлік байланыстарды дамытуға және қазақстандық әрі кореялық бизнес арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға атсалысты.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары О. Смагулов құттықтау сөз сөйлеп, екі ел кәсіпкерлері арасындағы тікелей диалогты дамытудың және осындай іскерлік алаңдарды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Форумның негізгі тақырыптары — тәжірибе, технологиялар және заманауи бизнес тәсілдерімен алмасу. Алматы үшін мұндай байланыстардың маңызы зор: кореялық бизнеспен ынтымақтастық сауда, инвестиция және бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Ең бастысы — диалог нақты әрекетке ұласты. Форум аясында қазақстандық экспорттаушылар мен кореялық импорттаушылар арасында тікелей B2B келіссөздер өтті.

Almaty Invest Алматы қаласына инвестиция тарту, халықаралық іскерлік байланыстарды дамыту және инвесторлар мен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру бағытындағы жұмысты жалғастырады.
Мықты халықаралық байланыстар — Алматы үшін жаңа инвестициялар, серіктестіктер мен жобалардың негізі.

Басқа жаңалықтар

НЕГЕ ЛИТВА? Литва — Еуропадағы маңызды технологиялық орталықтардың бірі. Мұнда IT, fintech, киберқауіпсіздік, жасанды интеллект және стартаптар белсенді дамып келеді….

29 қазан 2026

12 қарашада Алматыда KOSME (Korea SMEs and Startups Agency) ұйымдастыратын жетекші кореялық өндірушілердің қатысуымен бизнес-матчинг өтеді. Іс-шара тікелей B2B келіссөздер…

28 қазан 2026

Алматыда Оман – Қазақстан бизнес-форумы өтті. Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары О. Смағұлов және Оман Сұлтанатының Қазақстан Республикасындағы Елшісі қатысты….

27 қазан 2026