LOTTE АЛМАТЫДА: ЖОБА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚОЛДАУЫНА ИЕ БОЛДЫ
Қазақстан Президенті Алматыда Lotte қонақүйін салу жобасын қолдады.
Сеулде өткен «Қазақстан–Корея» бизнес-форумы аясында Қазақстан Республикасының Президенті Lotte компаниясының басшылығымен кездесті. Мемлекет басшысы бастаманы қолдап, жобаны іске асырудың Алматының туристік және қонақүй инфрақұрылымын одан әрі дамыту үшін маңыздылығын атап өтті.
Жоба қала үшін ерекше маңызға ие. Бүгінде Алматы Орталық Азиядағы жетекші туристік және іскерлік орталықтардың бірі ретінде өз мәртебесін нығайтып келеді. Сонымен қатар халықаралық деңгейдегі заманауи қонақүйлерге сұраныс артып келеді. Мемлекет басшысының қолдауы жобаға қосымша серпін беріп, кореялық бизнестің Алматыға деген қызығушылығын арттырады.
Almaty Invest үшін халықаралық қонақүй брендтерін тарту — Алматының инвестициялық әлеуетін дамыту бағытындағы маңызды жұмыстардың бірі. Біз жаңа жобаларды іске асыруға және халықаралық брендтерді қалаға тартуға қолайлы жағдай жасауды жалғастырамыз.



