ТАУЛАР КӨРІНІСІНДЕГІ ИНВЕСТИЦИЯЛАР
Елестетіп көріңіз: Алматыға іскерлік кездесуге келдіңіз, ал бір сағаттан кейін қонақүй терезесінен тауларға қарап отырсыз.
Алматының ерекшеліктерінің бірі де — осы.
Іскерлік мегаполистің қарқынды өмірі табиғатпен және таулармен тоғысатын қала. Бұл заманауи қалалық қонақүйлерден бастап курорттық және SPA-кешендерге дейінгі түрлі қонақүй форматтарын дамытуға мүмкіндік береді.
Дәл осы мүмкіндіктер туралы бүгін Almaty Invest командасы Алматыда қонақүй жобаларын дамытуға қызығушылық танытқан әлеуетті инвесторлармен кездесу барысында талқылады.
Кездесу барысында Алматы нарығына шығу перспективалары, инвестициялау мен нысандарды дамытудың ықтимал форматтары, сондай-ақ қалалық және таулы туристік инфрақұрылымның әлеуеті талқыланды.
Инвесторлар үшін Алматы іскерлік туризм, туристік және сауықтыру демалысы, сондай-ақ тау туризмін үйлестіретін қала ретінде қызықты.
Бір қала — саяхатшы үшін бірнеше мүмкіндік, сәйкесінше инвестор үшін де бірнеше бағыт.
Almaty Invest қаланың экономикасын дамытуға және Алматының халықаралық инвестициялық аренадағы позициясын нығайтуға ықпал ететін инвестициялар мен жаңа жобаларды тарту бойынша жұмысты жалғастырады.



