ИНВЕСТОРҒА-МҮМКІНДІКТЕРМЕН ҚАТАР, ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ
Көптеген елдерде инвесторға қажетті рәсімдерді түсінуге, туындайтын мәселелерді шешуге және қажетті қолдау алуға көмектесетін тетіктер жұмыс істейді.
Алматыда бұл міндетті Өңірлік инвестициялық штаб атқарады.
Себебі инвесторды тарту — алғашқы қадам ғана. Ең маңыздысы — инвесторды тыңдау, шешім табу және жобаның жүзеге асуына жағдай жасау.
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Өңірлік инвестициялық штабтың XVI отырысы өтіп, онда іске асырылуы шамамен 7,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 16 инвестициялық жоба қаралды.
Almaty Invest басқарма төрағасы Қайрат Бекенов өндіріс, қайта өңдеу, логистика, қонақүй және білім беру салалары, туризм және IT бағыттарын қамтитын жобаларды таныстырды.
Негізгі назар жобаларды іске асыру мерзімдеріне әсер ететін мәселелерге — жер учаскелерін бөлуге, инженерлік желілерге қосылуға және құжаттарды келісуге аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша одан әрі атқарылатын қадамдар мен жауапты тұлғалар айқындалды.
Осылайша, инвестициялық қолдау инвесторды жай ғана шақырумен шектелмей, жобаны жүзеге асыруға қажетті жағдайларды қалыптастыруға бағытталған нақты жұмысқа айналады.



