ГОНКОНГ-АЛМАТЫҒА: ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖОЛЫНДА

20 октября 2026
ГОНКОНГ-АЛМАТЫҒА: ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖОЛЫНДА

Алматы мен Гонконг инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуда 🇰🇿🇭🇰
Мамыр айында Алматы Гонконгта өзінің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырған болатын. Бүгін Гонконг делегациясы Алматыға жауап сапармен келді.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов Гонконг Қытай өнеркәсіпшілері қауымдастығының өкілдерімен және Гонконгтың Дубайдағы өкілдігінің басшысымен кездесті.
Қауымдастық құрамына электроника, тұрмыстық техника және тұтыну тауарлары сияқты бағыттарда жұмыс істейтін 3 000-нан астам компания кіреді. Бұл — Алматыда дамытуға және өндірістерді тартуға басымдық беріліп отырған салалар.
Кездесу барысында екі негізгі бағыт талқыланды: гонконгтық компаниялардың өндірістерін Алматыда орналастыру және қаланың жаңа іскерлік орталығы — Almaty Downtown-ды дамытуға қатысу.
Олжас Смағұлов Гонконг капиталы мен Парсы шығанағы елдерінің ірі қалалық жобаларды іске асыру тәжірибесін Алматыдағы мүмкіндіктермен ұштастыруды ұсынды.
Almaty Invest алаңында қонақтарға Алматы индустриялық аймағы және салықтық әрі кедендік жеңілдіктер қарастырылған «Almaty Innovation & Financial Zone» АЭА таныстырылды. Бұл алаңдар арқылы ЕАЭО және бүкіл Орталық Азия нарықтарына шығуға мүмкіндік бар.
Қаңтар айынан бастап Гонконг пен Алматыны тікелей әуе рейсі байланыстырады.
Гонконг бизнесі үшін Алматыдағы жобаларға жол енді бұрынғыдан да жақын болады.

Басқа жаңалықтар

НЕГЕ ЛИТВА? Литва — Еуропадағы маңызды технологиялық орталықтардың бірі. Мұнда IT, fintech, киберқауіпсіздік, жасанды интеллект және стартаптар белсенді дамып келеді….

29 қазан 2026

12 қарашада Алматыда KOSME (Korea SMEs and Startups Agency) ұйымдастыратын жетекші кореялық өндірушілердің қатысуымен бизнес-матчинг өтеді. Іс-шара тікелей B2B келіссөздер…

28 қазан 2026

Алматыда Оман – Қазақстан бизнес-форумы өтті. Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары О. Смағұлов және Оман Сұлтанатының Қазақстан Республикасындағы Елшісі қатысты….

27 қазан 2026