АЛМАТЫ МЕН ОМАН: ШЕКАРАСЫЗ ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫСТАР
Алматыда Оман – Қазақстан бизнес-форумы өтті.
Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары
О. Смағұлов және Оман Сұлтанатының Қазақстан Республикасындағы Елшісі қатысты.
Бүгінде Алматы инвесторларға ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін кең мүмкіндіктер ұсынып, Оман бизнесімен тікелей диалог орнатуға дайын.
Тағы бір маңызды фактор — жақында Қазақстан мен Оман арасында тікелей әуе қатынасы іске қосылды. Бұл екі нарықты бұрынғыдан да жақындастырып, іскерлік байланыстарды дамытуға жаңа мүмкіндіктер береді.
Ендігі міндет — өзара қызығушылықты нақты жобалар мен ұзақ мерзімді серіктестікке айналдыру.
Алматы Оман бизнесі үшін ашық!



