• Басты
  • Өнеркәсіпті дамыту қоры

Өнеркәсіпті дамыту қоры

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ — Қазақстанның Даму Банкі АҚ-ның еншілес ұйымы және Бәйтерек ұлттық басқарушы холдингінің құрылымына кіреді.

Қордың миссиясы – өнеркәсіп пен инфрақұрылым секторын дамыту арқылы ұлттық әл-ауқатты арттыру.

Көзқарасы – өнеркәсіп және инфрақұрылым секторларының тұрақты өсуін қамтамасыз ететін, сондай-ақ жеке лизингтік компанияларды қорландыру арқылы лизинг нарығын дамытуға ықпал ететін даму қаржы институты болу.

АО «ӨДҚ»-ның негізгі қызмет бағыттарының бірі – елеулі әлеуметтік-экономикалық әсер беретін жобаларды ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның инвестициялық жобалары келесі бағдарламалар аясында іске асырылады:

  • Отандық ауыл шаруашылығы машина жасау өндірушілерін қолдау шеңберінде машина-трактор паркін жаңартуға арналған лизингтік қаржыландыру бағдарламасы.
  • Қазақстан Республикасының 2023–2029 жылдарға арналған өңдеуші өнеркәсіпті дамыту тұжырымдамасы.
  • Отандық автокөлік өндірушілерін қолдау шеңберінде автобус паркін жаңартуға арналған лизингтік қаржыландыру бағдарламасы.