Инновациялар және цифрлық технологиялар
Алматы – Қазақстанның ең ірі цифрлық экономика және технологиялық кәсіпкерлік орталығы. Қала елдің IT-рыногының орталығын қалыптастырып, әзірлеушілерді, стартаптарды, финтех-компанияларды, цифрлық сервистерді және R&D командаларын шоғырландырады.
Жоғары деңгейдегі цифрландыру, дамыған қаржы және бизнес инфрақұрылымы, сондай-ақ адами капиталдың шоғырлануы Алматыны инновацияларды дамыту және заманауи технологияларды енгізу үшін негізгі алаңға айналдырады. «Ақпарат және байланыс» секторы қала экономикасының ең қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі болып табылады және өңірлік жалпы өнімнің елеулі үлесін қалыптастырады.
Алматы жергілікті де, халықаралық IT-компанияларды да тартып, Қазақстан, Орталық Азия және ЕАЭО нарықтарына кіру нүктесі ретінде қызмет етеді.
ЭКОНОМИКАНЫҢ ӨСУІНІҢ ЖҮРГІЗУШІ КҮШІ
Алматының цифрлық секторы алдынғы қатарлы темппен дамып, бағдарламалық қамтамасыз ету, финтех, телекоммуникация, e-commerce және «ақылды қала» шешімдерінен бастап кең ауқымды бағыттарды қамтиды.
Қала концентрация алаңына айналып отыр:
- IT-сервис және өнім компаниялары,
- финтех және төлем платформалары,
- стартаптар мен технологиялық командалар,
- корпоративтік және тәуелсіз R&D орталықтары,
- деректер, автоматтандыру және цифрлық инфрақұрылым саласындағы компаниялар.
Цифрлық технологияларды дамыту өнімділікті арттыруға, қызмет экспортын ұлғайтуға және жоғары қосылған құнға ие экономиканы қалыптастыруға ықпал етеді.
ФИНТЕХ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ СЕРВИСТЕР
Финтех және электрондық коммерция Алматының цифрлық экономикасындағы ең жылдам дамып келе жатқан сегменттердің бірі болып табылады. Қала елдің қаржы орталығы ретінде қызмет етіп, келесі бағыттарды дамыту үшін негізгі алаң болып табылады:
- цифрлық төлем шешімдері,
- онлайн-банкинг және қаржылық платформалар,
- маркетплейстер мен e-commerce сервистері,
- бизнеc пен халыққа арналған цифрлық қызметтер шешімдері.
Дамыған қаржы инфрақұрылымы және цифрлық сервистердің жоғары деңгейде таралуы финтех-жобаларды іске қосу және масштабтау үшін қолайлы жағдай жасайды.
ЭКОЖҮЙЕ ЖӘНЕ КАДРЛАР
Алматыда елдегі ең ірі IT-специалистер мен білім беру орталықтарының концентрациясы бар. Қалада жетекші университеттер, жеке бағдарламалау мектептері және корпоративтік оқу орталықтары жұмыс істейді, бұл білікті кадрлар ағынын тұрақты қамтамасыз етеді.
Эко-жүйе мыналарды қамтиды:
- технопарктер мен IT-хабтар,
- стартап акселераторлары мен инкубаторлар,
- венчурлік және корпоративтік қорлар,
- коворкингтер мен технологиялық кластерлер.
Бұл компанияларға жобаларды іске қосуға, жылдам масштабтауға және халықаралық цифрлық құн жасау тізбектеріне интеграциялануға мүмкіндік береді.
ИНВЕСТИЦИЯЛАР ҮШІН БАҒЫТТАР
Алматы келесі сегменттерге инвестицияға ашық:
- бағдарламалық қамтамасыз ету және SaaS платформалары,
- финтех және цифрлық қаржылық шешімдер,
- деректер орталықтары және цифрлық инфрақұрылым,
- жасанды интеллект, Big Data және аналитика,
- Smart City және GovTech шешімдері,
- e-commerce және цифрлық логистика,
- ойын дамыту, AR/VR және креативті технологиялар.
Қала жаңа технологиялық компанияларды құруға ғана емес, халықаралық ойыншылардың аймақтық штаб-пәтерлері мен R&D орталықтарын орналастыруға да мүмкіндіктер ұсынады.



