АЛМАТЫ — ГОНКОНГ: БИЗНЕС ПЕН ИНВЕСТИЦИЯЛАР ҮШІН ЖАҢА БАҒЫТТАР
Алматыда Гонконгтың Әділет департаменті мен Гонконгтың Сауда және даму кеңесі (HKTDC) ұйымдастырған Collaborate2Win семинары өтті.
Кездесудің басты тақырыбы — жалпы құқық юрисдикциясы және халықаралық қаржы-іскерлік орталығы ретінде Гонконгтың қазақстандық бизнеске беретін мүмкіндіктері.
Қатысушылар қазақстандық компаниялардың Гонконгтың артықшылықтарын мына бағыттарда қалай пайдалана алатынын талқылады:
🔹 Қытай және Азия нарықтарына шығу;
🔹 халықаралық қаржыландыру мен инвестиция тарту;
🔹 халықаралық жобаларды дамыту;
🔹 бизнестің мүдделерін қорғау және сенімді құқықтық тетіктерді қалыптастыру.
Гонконгтың Қазақстан, Қытай және жаһандық нарықтар арасындағы байланыстырушы буын ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды.
Алматы үшін мұндай кездесулер халықаралық іскерлік байланыстарды нығайтуға, ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын ашуға және жергілікті бизнестің шетелдік нарықтарға шығуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Мықты әріптестік диалогтан басталып, нақты жобаларға ұласады.



