ALMATY INVEST ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЧЕХИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛДЫҒЫМЕН ТАНЫСТЫРУ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ.
Almaty Invest Қазақстан Республикасындағы Чехия Республикасының Құрметті консулдығының өкілдерімен таныстыру кездесуін өткізді. Кездесу барысында тараптар инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын өзара іс-қимыл бағыттарын талқылады.
Ақпараттық технологиялар мен киберқауіпсіздік, өнеркәсіптік өндіріс пен машина жасау, энергия тиімділігі мен инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ авиация саласы мен автомобиль жасау бағыттарындағы жобаларды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестік байланыстарды одан әрі нығайтуға, іскерлік қарым-қатынастарды кеңейтуге және Алматы мен Чехия Республикасы арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін бірлескен бастамаларды пысықтауға қызығушылық білдірді.



