Almaty Invest «СК-Фармация» компаниясымен бірге Алматы фармацевтика саласының дамуын талқылады.
Almaty Invest Басқарма төрағасы Қайрат Бекенов «СК-Фармация» басшылығымен Жанайдар Мусиннің қатысуымен және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында Алматы қаласының фармацевтика саласын дамыту перспективалары, инвестиция тарту тетіктері және отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар айтылған бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған нақты қадамдары бар бірлескен жол картасына қол қою туралы уағдаласты.



