ALMATY INVEST SCG INTERNATIONAL КОМПАНИЯСЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КЕҢЕЙТУДЕ

24 июня 2026
ALMATY INVEST SCG INTERNATIONAL КОМПАНИЯСЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КЕҢЕЙТУДЕ

Almaty Invest компаниясы Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі өнеркәсіптік конгломераттардың бірі болып саналатын SCG (Siam Cement Group) холдингінің халықаралық сауда-логистикалық бөлімшесі — SCG International компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың перспективалары мен Алматы қаласында жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады. Компания өкілдері қаланың инвестициялық және іскерлік әлеуетін зерделеуге, жергілікті бизнес қауымдастығымен серіктестік байланыстарды дамытуға және Алматы нарығындағы қатысу аясын кеңейтуге қызығушылық танытты.
Кездесу аясында Almaty Invest Алматы қаласының инвестициялық әлеуетін, инвесторларды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шараларын, сондай-ақ Алматы индустриялық аймағы мен «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының мүмкіндіктерін таныстырды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар іскерлік байланыстарды одан әрі дамытуға және ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын пысықтауға өзара қызығушылықтарын растады.

Басқа жаңалықтар

Біз лифттерге олар дұрыс жұмыс істеп тұрған кезде сирек көңіл бөлеміз. Алайда дәл осы күнделікті байқала бермейтін сенімділік қалалық инфрақұрылым…

23 шілде 2026

Инвестициялар сенім бар жерде пайда болады. Бүгінде қалалар жаңа халықаралық серіктестіктер қалыптасып, болашақ экономиканы айқындайтын шешімдер қабылданатын алаңға айналу құқығы…

22 шілде 2026

Болашақ өздігінен келмейді. Оны бүгіннен бастап ертеңнің технологиялары туралы келісімге келіп жатқан жандар қалыптастырады. Сондықтан да Шанхайда Қазақстан Республикасының Президенті…

16 шілде 2026