• Басты
  • Жаңалықтар
  • ALMATY INVEST ДЕВЕЛОПМЕНТ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІ ДАМЫТУДА

ALMATY INVEST ДЕВЕЛОПМЕНТ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІ ДАМЫТУДА

1 июля 2026
ALMATY INVEST ДЕВЕЛОПМЕНТ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІ ДАМЫТУДА

Ірі инвестициялар – бұл тек сандар мен келісімдер ғана емес. Бұл – адамдар, идеялар және болашақ қаланың қандай болуы керектігі жөніндегі ортақ көзқарас.
Осындай мазмұнды кездесу Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұловтың, Almaty Invest командасының және Вьетнамның жетекші девелоперлерінің қатысуымен өтті.
Бүгінде әлемдік девелоперлер жеке ғимараттар салумен ғана шектелмейді. Олар тұрғын үйлермен қатар қоғамдық кеңістіктер, кеңселер, саябақтар, қонақүйлер, мейрамханалар және адамдар қайта оралғысы келетін жайлы ортаны қалыптастыратын тұтас аудандарды дамытады. Дәл осындай қағидат Sairan Downtown жобасының негізіне алынған. Бұл – Алматының жаңа даму кезеңін айқындайтын негізгі жобалардың бірі.
Кездесу барысында жобаның тұжырымдамасы таныстырылып, халықаралық серіктестердің mixed-use форматындағы, іскерлік, тұрғын үй, қонақүй және туристік инфрақұрылым нысандарын іске асыруға қатысу мүмкіндіктері талқыланды.
Вьетнамдық компанияның халықаралық портфелінде Лондон, Париж, Гибралтар және Бішкек қалаларындағы жобалар бар. Бұл жобалардың әрқайсысы заманауи девелопменттің тек сәулетпен ғана шектелмейтінін, ең алдымен адамдарға қолайлы әрі жайлы қалалық ортаны қалыптастыру екенін көрсетеді.
Алматы да дәл осы бағытта дамып келеді. Бүгінде қала жаңа көпорталықты даму моделін қалыптастырып, жаңа аудандарды өмір сүруге, жұмыс істеуге, демалуға және қарым-қатынас жасауға қолайлы кеңістік ретінде дамытып жатыр.
Сондықтан мұндай кездесулердің маңызы зор. Олар қаланың болашағына ортақ көзқарасы бар серіктестерді табуға және Алматының одан әрі дамуына ықпал ететін инвестициялық жобалардың негізін қалауға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Біз лифттерге олар дұрыс жұмыс істеп тұрған кезде сирек көңіл бөлеміз. Алайда дәл осы күнделікті байқала бермейтін сенімділік қалалық инфрақұрылым…

23 шілде 2026

Инвестициялар сенім бар жерде пайда болады. Бүгінде қалалар жаңа халықаралық серіктестіктер қалыптасып, болашақ экономиканы айқындайтын шешімдер қабылданатын алаңға айналу құқығы…

22 шілде 2026

Болашақ өздігінен келмейді. Оны бүгіннен бастап ертеңнің технологиялары туралы келісімге келіп жатқан жандар қалыптастырады. Сондықтан да Шанхайда Қазақстан Республикасының Президенті…

16 шілде 2026