АЛМАТЫ × ЦЗЯНСУ: ЖАҢА ӨНДІРІСТЕР — ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР
Алматы мен Цзянсу: уағдаластықтар практикалық іске көшуде
Алматы әкімі мен Қытай Коммунистік партиясы Цзянсу провинциялық комитетінің бірінші хатшысы арасындағы кездесу барысында қол жеткізілген уағдаластықтар бүгінде практикалық іске көшуде.
Алғашқы нақты нәтижелердің бірі — Алматыда Орталық Азияның ірі форум-көрмесінің өткізілуі. Оған Цзянсу және Қытайдың басқа да өңірлерінен 200-ден астам өндіруші компания қатысты. Көрмеге Қырғызстан мен Өзбекстанды қоса алғанда, Орталық Азия елдерінен бизнес өкілдері мен басшыларының келуі іс-шараға шын мәнінде өңірлік сипат берді.
Көрме аясында Алматы қаласы әкімінің орынбасары О. Смағұлов Қытай провинцияларының өкілдері және ҚХР Бас консулымен бірге экспозицияны аралап, қатысушы компаниялармен кездесулер өткізді.
Негізгі назар тек саудаға ғана емес, Қытай өндірістерін Алматыда жергіліктендіруге де бағытталуда. Бірқатар компаниялар қаланы өндірістік алаң әрі Орталық Азия және ЕАЭО нарықтарына шығатын хаб ретінде қарастыруда.
«Біздің міндетіміз — өңірлер арасындағы уағдаластықтар нақты жобаларға, инвестицияларға және жаңа өндірістерге айналатын бизнес үшін мүмкіндік алаңдарын құру. Алматы өнім импорттауға ғана емес, өндірістерді жергіліктендіруге және мұнда жаңа өсу нүктелерін қалыптастыруға мүдделі», — деп атап өтті Алматы қаласы әкімінің орынбасары О. Смағұлов.
Қызығушылық танытқан компанияларға Almaty Invest жобаларды сүйемелдеуді — орналастыру шарттарын пысықтаудан бастап, жобаларды іске қосуға дейін қамтамасыз етеді.
Осылайша, Алматы мен Цзянсу басшылығы арасындағы кездесу нақты жалғасын тауып отыр. Қол жеткізілген уағдаластықтар нақты бизнес-контактілер, инвестициялық жобалар және жаңа өндірістік мүмкіндіктер арқылы жүзеге асырылып, Алматының Орталық Азиядағы сауда-экономикалық және өндірістік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда.



