Инвесторлармен кездесу өткізілді

14 января 2024
Инвесторлармен кездесу өткізілді

2023 жылғы 10 қарашада Алматы қаласының прокуроры С. А. Карипбеков пен Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Е. Әбдіқадыровтың төрағалығымен Алматы қаласының инвесторларымен кездесу өткізілді.

Кездесу аясында инвестициялық тартымдылықты арттыру және Алматы қаласының инвестициялық ахуалын жақсарту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, прокуратура органдары мен Алматы қаласы бизнесінің өкілдері арасында инвестициялар қауіпсіздігінің кепілі болатын салмақты шешімдер қабылдауға ықпал ететін тиімді өзара іс-қимыл бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Кездесу барысында Almaty Business Development Company Басқарма төрағасы А.Б. Рамазан компанияның қызметі және Алматы қаласындағы инвесторларды қолдау құралдары туралы баяндама жасады.

Басқа жаңалықтар

Almaty Invest компаниясы құрылыс саласы мен электр көліктеріне арналған зарядтау инфрақұрылымы жабдықтарын өндіру бағытында жетекші компаниялардың бірі болып саналатын Zhenhua…

5 наурыз 2026

2026 жылғы 03 наурызда Бельгия-Люксембург Сауда палатасы Ресейдегі (CCBLR) ұйымдастырған Алматы қаласына іскерлік сапар аясында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Almaty…

3 наурыз 2026

Алматы Invest компаниясында Болгария Республикасының Алматы қаласындағы Елшілігінің сауда-экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Атанас Неновпен кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар: Қазақстан…

27 ақпан 2026