АЛМАТЫДА СУ ТАЗАРТУ ЖҮЙЕЛЕРІН ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ҚҰРУ ЖОСПАРЛАНУДА
Сапалы су — заманауи қаланың басты қажеттіліктерінің бірі.
Сондықтан заманауи су тазарту технологияларын дамыту Алматы үшін ерекше маңызға ие.
Қалада тұрмыстық, коммерциялық, өнеркәсіптік және медициналық мақсаттарға арналған су тазарту жүйелерін өндіретін заманауи толық циклді өндірістік-технологиялық орталық құру жоспарлануда.
Жоба аясында 280-ге дейін жаңа жұмыс орны ашылады. Оның ішінде инженерлер, технологтар, сапа мамандары және басқа да білікті кадрлар жұмыс істейтін болады.
Бұл жай ғана дайын өнімді құрастыру емес. Өндіріс алаңында толық өндірістік цикл жолға қойылады: сүзгі материалдары мен компоненттерін дайындаудан бастап, дайын жүйелерді құрастыру, сынақтан өткізу және қаптамаға дейінгі барлық кезең қамтылады.
Жоба Almaty Invest жұмысының назарында — команда инвесторды өндірісті Алматыда іске қосу жолында сүйемелдеп келеді. Бұл қалада жаңа жұмыс орындарын ашып, технологиялық әлеуетті арттыратын және жергілікті өндірістік базаны күшейтетін тағы бір жобаның жүзеге асуына мүмкіндік береді.
Алматы заманауи шешімдер тек қолданылатын емес, жасалатын қалаға айналып келеді.



