Компания туралы

«Almaty Invest» инвестиция тарту орталығы» ЖШС (бұрынғы атауы – «Almaty Business Development Company» қалалық бизнесті дамыту компаниясы» ЖШС) Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 25 тамыздағы № 3/599 қаулысына сәйкес «Almaty Invest» инвестиция тарту және инвесторларды «бір терезе» қағидаты бойынша сүйемелдеу саласындағы өңірлік ұйым болып айқындалды.

Almaty Invest қызметі инвесторларды жан-жақты қолдау міндеттеріне толықтай шоғырланған. Атап айтқанда, консультациялар жүргізу, инвестициялық жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде сүйемелдеу, рұқсат беру құжаттарын алуға жәрдемдесу, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша жұмыстар жүзеге асырылады.

Осылайша, Almaty Invest алаңында мемлекеттік органдар мен инвесторлар арасындағы тиімді өзара іс-қимылдың тұрақты тетігі қалыптастырылып, өңірде қолайлы инвестициялық ахуалды дамытуға ықпал етуде.