Тарихы
ЖШС «Almaty Invest» инвестицияларды тарту орталығы (бұрынғы атауы — ЖШС «Алматы қаласының бизнесін дамыту компаниясы «Almaty Business Development Company») Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 25 тамыздағы № 3/599 қаулысына сәйкес инвесторларды «бір терезе» принципі бойынша тарту және қолдау саласындағы өңірлік ұйым ретінде анықталған.
Миссия:
Almaty Invest қызметі тек инвесторларды жан-жақты қолдауға бағытталған. Атап айтқанда: консультациялар жүргізу, инвестициялық жобаларды іске асырудың барлық кезеңінде сүйемелдеу, рұқсат құжаттарын алу бойынша көмек көрсету, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді азайту бойынша жұмыс жүргізу жүзеге асырылады.