АЛМАТЫ ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ ЧЭНДУ ҚАЛАСЫНА ІСКЕРЛІК САПАРЫ 🇰🇿🇨🇳

6 февраля 2026
АЛМАТЫ ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ ЧЭНДУ ҚАЛАСЫНА ІСКЕРЛІК САПАРЫ 🇰🇿🇨🇳

Алматы қаласының әкімі тапсырмасына сәйкес инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Almaty Invest басшылығы Чэнду қаласына жұмыс сапарымен барды.

Сапар аясында Чэнду қаласының өнеркәсіп министрімен, Кәсіпкерлер қауымдастығымен және өңірдің ірі бизнес өкілдерімен кездесулер өтті. Индустриялық-инновациялық жобалар, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және серіктестіктің жаңа форматтары талқыланды.

Инвестициялар мен сауда саласында бірлесіп жұмыс істеу жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Қытай тарапы Алматының саяси орталықтарының мастер-жоспарларына қызығушылық танытып, сондай-ақ туризмді тартатын нысандар салуды жоспарлап отыр.

Алматының шақыруымен тамыз айында Чэнду қаласының 100-ден астам жетекші компаниясы қатысатын ауқымды көрме өткізу жоспарлануда. Бұл қалалар арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтудың маңызды қадамы болмақ.

Алматы қаласы шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда.

Басқа жаңалықтар

Алматыда «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында акция өткізілді, ол әрбір адамның кішкентай да болса қосқан үлесі үлкен өзгерістерге әкелуі мүмкін…

4 сәуір 2026

Almaty Invest Басқарма Төрағасы Алматыдағы Оңтүстік Корея Республикасының Бас консулының қатысуымен жұмыс кездесуі өткізді. Кездесу барысында корей компанияларын қолдау және…

2 сәуір 2026

Almaty Invest Басқармасы медициналық дженериктер мен дәрілік препараттардың ірі қытайлық өндірушісі — Anbisheng Pharmaceutical Technology Co. Ltd. компаниясымен кездесу өткізді….

1 сәуір 2026