ALMATY INVEST ҚЫТАЙ ИНВЕСТОРМЕН ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ.
Almaty Invest Басқармасы медициналық дженериктер мен дәрілік препараттардың ірі қытайлық өндірушісі — Anbisheng Pharmaceutical Technology Co. Ltd. компаниясымен кездесу өткізді.
Келіссөздер барысында тараптар Алматы қаласында медициналық жабдықтар өндірісін іске асыру жобасының перспективаларын талқылады.
Жоба фармацевтика саласын дамытуға және қаланың инвестициялық әлеуетін нығайтуға бағытталған.



