Алматы–Шанхай: болашақ технологияларына бастар жол
Болашақ өздігінен келмейді. Оны бүгіннен бастап ертеңнің технологиялары туралы келісімге келіп жатқан жандар қалыптастырады.
Сондықтан да Шанхайда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен бизнес-форумның басты қорытындыларының бірі – Алматыда әлемдегі гуманоидты робототехника саласының көшбасшысы өзінің алғашқы шетелдік зауытын салу жөніндегі келісімге қол қоюы болды.
Бүгінде жасанды интеллект пен гуманоидты роботтар қиял-ғажайып дүние емес. Олар өндірісте еңбек етіп, медицинада, білім беру саласында және қызмет көрсету секторында қолданылып, жаһандық экономиканың жаңа қозғаушы күшіне айналып келеді. Сондықтан ертең бәсекеге қабілетті болуды көздейтін қалалар бүгіннен бастап болашақ технологияларына инвестиция салуда.
Жұмыс сапары аясында Almaty Invest командасы Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, Қытайдың жетекші технологиялық компанияларымен бірқатар кездесулер мен келіссөздер өткізді. Осындай әрбір сапардың артында айлар бойы жүргізілген дайындық, келіссөздер, талдау және инвестициялық жобаларды жан-жақты сүйемелдеу жұмыстары тұр.
Almaty Invest үшін бұл нәтиже – кездейсоқ жетістік емес, инвесторды тарту, жобаны сүйемелдеу және оны іске асыруға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жүйелі жұмыстың нақты жемісі.
Алматыда гуманоидты және білім беру роботтарын шығаратын заманауи өндіріс орны ғана емес, инженерлік-зерттеу орталығы да құрылады. Жоба озық технологияларды енгізуді және робототехника саласында қазақстандық мамандарды даярлауды көздейді.
Бұл – жаңа инвестициялар. Жаңа жоғары технологиялық жұмыс орындары. Жаңа құзыреттер. Және Алматының Орталық Азиядағы инновациялар, ғылым және озық технологиялар орталығы ретіндегі ұстанымын одан әрі нығайтуға жасалған тағы бір маңызды қадам.



