Қазақстан-Сауд Іскерлік кеңесінің III отырысы өткізілді

29 июля 2024
Қазақстан-Сауд Іскерлік кеңесінің III отырысы өткізілді

2024 жылғы 29 шілдеде Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты нығайту және дамыту мақсатында Қазақстан-Сауд Іскерлік кеңесінің III отырысы өткізілді
Іс-шара жаңартылатын энергетика, IT, логистика, тау-кен өнеркәсібі, фармацевтика, агроөнеркәсіптік кешен, туризм және т. б. салалардағы екі елдің кәсіпкерлері арасындағы әріптестік байланыстарды жандандыруға және нығайтуға арналған
Almaty Business Development Company басқарма төрағасы А.Рамазан форумға қатысты, оның шеңберінде кәсіпкерлер мен инвесторларға өңірдің әлеуеті, Қазақстанға инвестициялаудың артықшылықтары, сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар ұсынылды
Форум соңында ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау үшін В2В форматында екіжақты кездесулер өткізілді

Басқа жаңалықтар

Алматыда «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында акция өткізілді, ол әрбір адамның кішкентай да болса қосқан үлесі үлкен өзгерістерге әкелуі мүмкін…

4 сәуір 2026

Almaty Invest Басқарма Төрағасы Алматыдағы Оңтүстік Корея Республикасының Бас консулының қатысуымен жұмыс кездесуі өткізді. Кездесу барысында корей компанияларын қолдау және…

2 сәуір 2026