• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қоғамдық мониторинг шеңберінде Almaty Business Development Company басқарма төрағасы А. Рамазан Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің №4 комиссиясының алдында баяндама жасады

Қоғамдық мониторинг шеңберінде Almaty Business Development Company басқарма төрағасы А. Рамазан Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің №4 комиссиясының алдында баяндама жасады

26 сентября 2024
Қоғамдық мониторинг шеңберінде Almaty Business Development Company басқарма төрағасы А. Рамазан Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің №4 комиссиясының алдында баяндама жасады

2024 жылғы 25 қыркүйекте қоғамдық мониторинг шеңберінде Almaty Business Development Company басқарма төрағасы Рамазан А. Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің №4 комиссиясының алдында баяндама жасады
Рамазан А. өз баяндамасында компанияның қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып, барлық негізгі бағыттарды қамтыды. Қоғамдық кеңес мүшелеріне инвесторлар үшін әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі табысты бастамаларды қоса алғанда, 2023-2024 жылдардағы іске асырылған жобалар бойынша жұмыс нәтижелері ұсынылды. Сондай-ақ, Басқарма Төрағасы келешекте инвестициялық келісімшарттар жасасу жоспарларын айтып, бұл қадамдардың қаланы дамыту үшін маңыздылығын атап өтті
Осылайша, есепті кезеңдегі Almaty Business Development Company жұмысының қорытындысы шығарылды, Алматы қаласының инвестициялар тарту мен бизнес-ортасын дамытудағы табыстар атап өтілді
Отырыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелері компания қызметі, оның даму кезеңдері және қабылданған шешімдер бойынша қызықтырған сұрақтарын қойды Рамазан А. Almaty Business Development Company стратегиялық бағыттарын түсіндіре отырып, барлық сұрақтарға жауап берді және Компанияның Алматы қаласының инвестициялық және кәсіпкерлік әлеуетін одан әрі дамытудағы басты рөлін атап өтті

Басқа жаңалықтар

Almaty Invest компаниясы құрылыс саласы мен электр көліктеріне арналған зарядтау инфрақұрылымы жабдықтарын өндіру бағытында жетекші компаниялардың бірі болып саналатын Zhenhua…

5 наурыз 2026

2026 жылғы 03 наурызда Бельгия-Люксембург Сауда палатасы Ресейдегі (CCBLR) ұйымдастырған Алматы қаласына іскерлік сапар аясында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Almaty…

3 наурыз 2026

Алматы Invest компаниясында Болгария Республикасының Алматы қаласындағы Елшілігінің сауда-экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Атанас Неновпен кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар: Қазақстан…

27 ақпан 2026