Алматыда Қазақстанда Германия экономикасының 26-шы күні өтті

18 октября 2024
Алматыда Қазақстанда Германия экономикасының 26-шы күні өтті

2024 жылғы 10 қазанда Алматыда Қазақстандағы Германия экономикасының 26-шы күні өтті. Германия экономикасы одағы және Орталық Азиядағы Германия экономикасы Өкілдігі бірлесе ұйымдастырған Конференция Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелеріне арналды. Іс-шара екі елдің бизнес-қауымдастықтары арасындағы идеялар мен әзірлемелер алмасуға ықпал етті, сондай-ақ неміс және қазақстандық бизнесмендер, қауымдастықтар мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы байланыстарды жолға қою мен нығайту үшін маңызды платформа болды
Almaty Business Development Company басқарма төрағасы А. Рамазан спикер ретінде сөз сөйлеп, Қазақстан мен Германия арасындағы инвестициялар саласындағы іскерлік байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті, Компания қызметінің бағыттарымен таныстырды, инвестицияларды тарту және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі жұмысты ерекше атап өтті, сондай-ақ барлық тілек білдірушілерді кеңес беру қызметтерін алу үшін алаңға шақырды
Конференция аясында қатысушылар статус-квоны, өнеркәсіптегі цифрлық трансформацияны және реттеуші ортадағы өзгерістерді талқылады, сонымен қатар ынтымақтастықтың тартымды бағыттарын, бірлесіп жұмыс істеу және тәжірибе алмасу үшін жаңа мүмкіндіктер туғызатын нақты жобаларды қарастыра алды

Басқа жаңалықтар

Almaty Invest күн энергетикасы, өндірістік аккумуляторлар мен кабель өнімдерін шығару, сондай-ақ қонақ үй инфрақұрылымы мен шағын қонақ үйлерді дамыту салаларында…

26 мамыр 2026

Almaty Invest Шин-Лайн компаниясының өкілдерімен және Корея Республикасынан келген медициналық ұйым өкілдерімен кездесу өткізді 🇰🇿🇰🇷 Алматыда халықаралық әріптестік форматында жүзеге…

22 мамыр 2026

Almaty Invest Қытай Халық Республикасының Сычуань провинциясы, Чэнду қаласынан келген өнеркәсіптік және сауда-өндірістік компаниялар өкілдерінен құралған делегациямен кездесу өткізді. Кездесу…

20 мамыр 2026