• Басты
  • Жаңалықтар
  • 14 млрд теңге инвестиция: Алматыда кореялық медициналық орталық ашылды

14 млрд теңге инвестиция: Алматыда кореялық медициналық орталық ашылды

17 октября 2025
14 млрд теңге инвестиция: Алматыда кореялық медициналық орталық ашылды

2025 жылғы 17 қазанда «Almaty Invest» басқарма төрағасы А. Шовкопляс заманауи оңтүстік кореялық тәжірибе негізінде құрылған Open Healthcare Korean Medical Center Almaty медициналық орталығының ресми ашылу салтанатына қатысты.
Өз сөзінде А. Шовкопляс жобаның қаланың медициналық инфрақұрылымын дамытудағы, инновациялық технологияларды енгізудегі және денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы стратегиялық маңыздылығын атап өтті.
Жобаның жалпы инвестиция көлемі 14 млрд теңгені құрайды. Оның жүзеге асырылуы нәтижесінде 250 жұмыс орны ашылып, Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосылды.
Ашылу салтанатына сондай-ақ ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Ж. Абдрашов, Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Ха Тэ Ук, сондай-ақ Қазақстан мен Корея Республикасының іскер және медициналық қауымдастықтарының өкілдері қатысты.
Орталықтың ашылуы – бұл тек инфрақұрылымға салынған инвестиция ғана емес, сонымен қатар заманауи медицинаны дамытуға және медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталған қазақстан-корей әріптестігінің жаңа кезеңі болып табылады.

Басқа жаңалықтар

Almaty Invest күн энергетикасы, өндірістік аккумуляторлар мен кабель өнімдерін шығару, сондай-ақ қонақ үй инфрақұрылымы мен шағын қонақ үйлерді дамыту салаларында…

26 мамыр 2026

Almaty Invest Шин-Лайн компаниясының өкілдерімен және Корея Республикасынан келген медициналық ұйым өкілдерімен кездесу өткізді 🇰🇿🇰🇷 Алматыда халықаралық әріптестік форматында жүзеге…

22 мамыр 2026

Almaty Invest Қытай Халық Республикасының Сычуань провинциясы, Чэнду қаласынан келген өнеркәсіптік және сауда-өндірістік компаниялар өкілдерінен құралған делегациямен кездесу өткізді. Кездесу…

20 мамыр 2026