Алматы делегациясының Қытай Халық Республикасының Шэньчжэнь қаласына іскерлік сапары 🇰🇿🇨🇳
Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Алматы делегациясы Шэньчжэнь қаласын — әлемдегі ақпараттық технологиялар мен инновациялардың негізгі орталықтарының бірін — аралады.
Сапар барысында қаланың кәсіпкерлер ассоциациясы және шетелдік қатысуы бар кәсіпорындардың құқықтары мен мүдделерін қорғау ұйымының басшылығымен кездесу өтті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейту, IT-саласындағы тәжірибе алмасу және инвестициялық өзара әрекеттестік мәселелерін талқылады.
Алматы делегациясы Шэньчжэнь қаласының — Қытайдың оңтүстік IT-столицаcының — өкілдігін Алматыда ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Бұл бастама серіктестікті нығайтуға, технологиялық компанияларды тартуға және бірлескен жобаларды іске қосуға бағытталған.
Шэньчжэнь қаласы әкімдігінің қолдауымен өңірдің ірі кәсіпкерлерімен ашық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында делегация Алматының инвестициялық әлеуеті, қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары және ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын таныстырды. Арнайы назар IT-паркті Алматы Полицентрлерін дамыту шеңберінде құру жобасына аударылды, ол инвесторлардың қызығушылығын тудырды.
Сапар соңында делегация Шэньчжэньдегі бірнеше инновациялық кәсіпорынға барып, заманауи технологиялық шешімдер мен озық бизнес-практикалармен танысты.



