• Басты
  • Жаңалықтар
  • АЛМАТЫ ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ ГУАНЧЖОУ ҚАЛАСЫНА ІСКЕРЛІК САПАРЫ 🇰🇿🇨🇳

АЛМАТЫ ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ ГУАНЧЖОУ ҚАЛАСЫНА ІСКЕРЛІК САПАРЫ 🇰🇿🇨🇳

8 февраля 2026
АЛМАТЫ ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ ГУАНЧЖОУ ҚАЛАСЫНА ІСКЕРЛІК САПАРЫ 🇰🇿🇨🇳

Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Алматы қаласының делегациясы Гуанчжоу қаласында бірқатар кездесулер өткізіп, инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға және мегаполистің перспективалы жобаларын ілгерілетуге бағытталған келіссөздер жүргізді.

Сапар бағдарламасының алғашқы кезеңінде делегация туризм саласындағы цифрлық қызметтер платформасы болып табылатын Guangzhou Zowoyoo Network Technology Co., Ltd компаниясына барды. Кездесу барысында туристік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

Одан кейін Қазақстан Республикасының Гуанчжоу қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен ұйымдастырылған Гуанчжоу қаласының Шетелдік инвесторлар клубымен кездесу өтті. Іс-шара барысында Алматы қаласының инвестициялық мүмкіндіктері, полицентрлерді дамыту жөніндегі мастер-жоспар, сондай-ақ өндірісті локализациялауға және шетелдік серіктестерді тартуға жоғары сұранысқа ие жобалар таныстырылды. Қытай тарапы инфрақұрылымдық бастамаларға, атап айтқанда халықаралық Expo-орталық пен қонақүй кешенінің құрылысына қатысуға қызығушылық білдірді.

Сондай-ақ делегация өңірдегі ірі девелоперлік компаниялардың бірі — Yuexiu Group Huayue Sea Living Room компаниясымен келіссөздер жүргізді. Алматы қаласының аумағында заманауи қалалық ортаны дамыту және девелопмент саласына инвестиция салу бағытындағы бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары қаралды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі өзара іс-қимыл жасауға және нақты бастамаларды пысықтауға жоғары қызығушылық танытты.

Аталған сапар Алматы мен Гуанчжоу қалалары арасындағы әріптестікті кеңейтудегі, сондай-ақ Алматыны Орталық Азиядағы негізгі инвестициялық алаң ретінде ілгерілетудегі маңызды қадам болды.

Басқа жаңалықтар

Almaty Invest компаниясы құрылыс саласы мен электр көліктеріне арналған зарядтау инфрақұрылымы жабдықтарын өндіру бағытында жетекші компаниялардың бірі болып саналатын Zhenhua…

5 наурыз 2026

2026 жылғы 03 наурызда Бельгия-Люксембург Сауда палатасы Ресейдегі (CCBLR) ұйымдастырған Алматы қаласына іскерлік сапар аясында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Almaty…

3 наурыз 2026

Алматы Invest компаниясында Болгария Республикасының Алматы қаласындағы Елшілігінің сауда-экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Атанас Неновпен кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар: Қазақстан…

27 ақпан 2026