ALMATY INVEST ПЕН СК-ФАРМАЦИЯ ЖҰМЫС КЕЗДЕСУІ ӨТКІЗДІ
Almaty Invest пен «СК-Фармация» жұмыс кездесуі өткізді, онда дәрілік заттар мен медициналық құрал-жабдықтар саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды.
Кездесу барысында Алматыға өндірістерді тарту мәселелеріне, соның ішінде «ПИТ Алатау» АӨК аумағындағы жобаларға және саланы дамыту шараларына ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өндірістерді локализациялау үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған ынтымақтастық меморандумына қол қойды.



