ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІ ДАМЫТУ: ALMATY INVEST-ТІҢ ЮТА ШТАТЫНА САПАРЫ
Almaty Invest басшылығының Юта штаты, АҚШ-қа инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған жұмыс сапары өтті. 🇺🇸
Сапар аясында штат губернаторымен, сондай-ақ іскерлік орта өкілдерімен кездесулер өтті. Инвестициялар, технологиялар және тұрақты даму салаларындағы өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды.
Юта штаты қазақстандық тарап үшін, әсіресе технологиялар мен IT саласында үлкен қызығушылық тудырады. «Silicon Slopes» — Калифорниядан тыс орналасқан ірі технологиялық хабтардың бірі, штат экономикасының жоғары қарқынмен өсуін қамтамасыз етеді.
Алматы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.



