Алматы жаһандық IT-нарыққа бағыт алды.
Кремний алқабы — болашақ технологиялар дүниеге келетін орын.
Бүгінде онда Алматы әкімдігінің делегациясы жұмыс істеуде.
Google, Apple, YouTube компанияларымен кездесулер өтті.
Стэнфорд университетінің профессорларымен диалог орнатылды.
Almaty Invest басқарма төрағасы Қайрат Бекенов атап өткендей,
Алматы қаласының әкімі бұл сапардың басты мақсаты — Алматыда, әсіресе IT-парк құру кезінде енгізілуі тиіс үздік тәжірибелерді талдау және жинақтау екенін ерекше атап өтті.
Бүгінгі басты сұрақ — «біз жасай аламыз ба?» емес, «оны қалай жылдам жүзеге асырамыз?».
Жасанды интеллект, стартаптар, жаңа нарықтар — мұның бәрі енді болашақ емес, Алматы сенімді түрде қадам басып жатқан шынайы бағыт.
Бөлек күш — шетелдегі отандастарымыз.
Олар жаһандық компанияларда жұмыс істеп, өз тәжірибесімен бөлісуге дайын. Бұл ретте Асет Абдуалиевтің біріктіруші рөлі ерекше.
Ең бастысы — бұл ауқымды стратегияның бір бөлігі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізі ретінде жасанды интеллектті, цифрландыруды және жаңа экономиканы дамытудың нақты бағытын айқындады.
Алда не күтіп тұр?
Алматыда IT-парк құру.
Жаңа экожүйе.
Жастар үшін жаңа мүмкіндіктер.
Экономиканың жаңа өсу нүктелері.
Алматы бүгінде — идеялар мен таланттардың қаласы.
Ендігі міндет — оны жаһандық шешімдер қаласына айналдыру.



