ALMATY INVEST БАӘ-ДЕН КЕЛГЕН NAFFCO КОМПАНИЯСЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ.
Almaty Invest өкілдері өртке қарсы жабдықтар, қауіпсіздік жүйелері мен арнайы техникалар саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі саналатын, 100-ден астам елде жұмыс істейтін NAFFCO компаниясының делегациясымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Almaty Invest өкілдері Алматы қаласының инвестициялық әлеуетін, қаланың басым даму бағыттарын, сондай-ақ өндірістерді оқшаулау және сервистік хабтар құру мүмкіндіктерін таныстырды.
Тараптар өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғау және жедел қызметтерді заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
БАӘ-нің ірі халықаралық компанияларымен серіктестікті дамыту Алматы үшін инвестициялар мен озық технологияларды тартуға, сондай-ақ жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.



