АЛМАТЫ ШЫҰ ЕЛДЕРІНЕН ИНВЕСТОРЛАРДЫ ТАРТУДА.

26 мая 2026
АЛМАТЫ ШЫҰ ЕЛДЕРІНЕН ИНВЕСТОРЛАРДЫ ТАРТУДА.

Almaty Invest күн энергетикасы, өндірістік аккумуляторлар мен кабель өнімдерін шығару, сондай-ақ қонақ үй инфрақұрылымы мен шағын қонақ үйлерді дамыту салаларында жұмыс істейтін ШЫҰ елдері компанияларының делегациясымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қатысушыларға Алматы қаласының инвестициялық әлеуеті, инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ Алматы индустриялық аймағының, Арнайы экономикалық аймақтың және қаланың жаңа даму аумақтарының артықшылықтары туралы ақпарат ұсынылды.

Тараптар бірлескен жобаларды іске асыру, өндірістерді локализациялау және халықаралық компаниялардың қатысуымен іскерлік байланыстарды кеңейту перспективаларын талқылады. Алматы өңірдің негізгі инвестициялық және өнеркәсіптік алаңдарының бірі ретіндегі позициясын нығайтуды жалғастыруда.

Басқа жаңалықтар

Almaty Invest Шин-Лайн компаниясының өкілдерімен және Корея Республикасынан келген медициналық ұйым өкілдерімен кездесу өткізді 🇰🇿🇰🇷 Алматыда халықаралық әріптестік форматында жүзеге…

22 мамыр 2026

Almaty Invest Қытай Халық Республикасының Сычуань провинциясы, Чэнду қаласынан келген өнеркәсіптік және сауда-өндірістік компаниялар өкілдерінен құралған делегациямен кездесу өткізді. Кездесу…

20 мамыр 2026

Almaty Invest өкілдері өртке қарсы жабдықтар, қауіпсіздік жүйелері мен арнайы техникалар саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі саналатын, 100-ден астам елде жұмыс…

19 мамыр 2026