• Басты
  • Жаңалықтар
  • 23 наурызда Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз»науқаны аясында ұйымдастырылған «Almaty Clean&Green» ауқымды экологиялық акциясы өтті

23 наурызда Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз»науқаны аясында ұйымдастырылған «Almaty Clean&Green» ауқымды экологиялық акциясы өтті

1 апреля 2025
23 наурызда Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз»науқаны аясында ұйымдастырылған «Almaty Clean&Green» ауқымды экологиялық акциясы өтті

23 наурызда Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында ұйымдастырылған «Almaty Clean&Green»ауқымды экологиялық акциясы өтті. Іс-шара барысында қоғамдық кеңістіктерді, саябақтарды, скверлерді, аула аумақтары мен демалыс аймақтарын тазалау, сондай-ақ ағаштарды жаппай отырғызу жүргізілді
Түрксіб ауданындағы С.Сейыуллин атындағы саябақтағы шарасына қаланың 400-ден астам тұрғыны қатысты. Нәтижесінде 50 текше метрден астам қоқыс пен жапырақ шірінділері жиналып шығарылды. 100-ге жуық ағаш отырғызылды, орындықтар, шағын архитектуралық пішіндер мен спорт алаңының элементтері боялды.
Алматы қаласының әкімдігі қатысушыларға көшеттер, қажетті құрал-жабдықтармен (қолғаптар, қаптар, күректер, тырмалар) және ауыз сумен қамтамасыз етті, сондай-ақ жиналған қоқыстарды полигонға шығаруды ұйымдастыру арқылы қолдау көрсетті
Естеріңізге сала кетейік, «Таза Қазақстан» жалпы республикалық бағдарламасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда, және елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға бағытталған. Науқан қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға, экологиялық мәдениетті арттыруға және халық арасында азаматтық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған

Басқа жаңалықтар

Біз лифттерге олар дұрыс жұмыс істеп тұрған кезде сирек көңіл бөлеміз. Алайда дәл осы күнделікті байқала бермейтін сенімділік қалалық инфрақұрылым…

23 шілде 2026

Инвестициялар сенім бар жерде пайда болады. Бүгінде қалалар жаңа халықаралық серіктестіктер қалыптасып, болашақ экономиканы айқындайтын шешімдер қабылданатын алаңға айналу құқығы…

22 шілде 2026

Болашақ өздігінен келмейді. Оны бүгіннен бастап ертеңнің технологиялары туралы келісімге келіп жатқан жандар қалыптастырады. Сондықтан да Шанхайда Қазақстан Республикасының Президенті…

16 шілде 2026