МӘДЕНИЕТ, ТУРИЗМ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР: АЛМАТЫ МЕН КАНАДА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
Канада Елшілігінің және халықаралық Cirque du Soleil компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.
Келіссөздер барысында тараптар Алматы мен Канада арасындағы мәдени, туристік және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
Кездесу барысында мәдениет саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру, оқиғалық туризмді дамыту, инвестициялар тарту және халықаралық әріптестікті нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және Алматыны өңірдің жетекші мәдени, туристік әрі іскерлік орталығы ретінде ілгерілетуге өзара мүдделілік танытатынын растады.



