ТҮРКИЯ МЕН АЛМАТЫ: ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛАРҒА БАҒЫТ
Almaty Invest өкілдерінің Алматы қаласындағы Түркия Республикасының Бас консулдығымен кездесуі өтті. Кездесу барысында инвестициялық ынтымақтастықты дамыту және бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды.
Кездесу аясында Алматы қаласының инвестициялық әлеуеті, инвесторларға ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ тұрмыстық техника өндірісін қоса алғанда, өндірісті жергіліктендіруге арналған перспективалы бағыттар таныстырылды.
Түркия тарапы Алматы қаласының инвестициялық мүмкіндіктерімен танысу мақсатында жетекші өндірушілердің, оның ішінде Beko компаниясының сапарын ұйымдастыруға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді. Сонымен қатар, халықаралық деңгейдегі қонақүйлер салу жобаларына қызығушылық танытты.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Алматы мен Түркия арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілік білдірді.



