ALMATY INVEST ЖӘНЕ HONGBANG NEW ENERGY TECHNOLOGY ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Almaty Invest электрлі екі доңғалақты көлік құралдары мен микромобильділік саласындағы шешімдерді өндіруші Hongbang New Energy Technology Co., Ltd. компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумға қол қою Алматы делегациясының Нанкин қаласына жасаған сапары барысында басталған жұмыстың жалғасы болды. Сол кезде тараптар алғашқы байланыстар орнатып, ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылаған еді. Бүгінде тараптар бірлескен жобаларды іске асыру бойынша практикалық диалог кезеңіне өтуде.
Ынтымақтастық аясында Алматыда электрлі велосипедтерді, электрлі самокаттарды және электрлі мотоциклдерді құрастыру өндірісін іске қосу, сондай-ақ аккумуляторларды ауыстыру станциялары желісін дамыту мүмкіндігі қарастырылуда.



